Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

2020 жылдың 21 ақпан  күні Тәрбие бөлімі мен  Өнер факультеті Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастырумен   «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты тарихи – әдеби кеш өтті.

Кештің құрметті қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Мәлібеков қатысты.

Елтаңбаның авторы білім алушыларға видеороликті көрсету арқылы Мемлекеттік Елтаңбаның жасалу тарихы  мен геральдикалық элементтерінің мәні мен маңызы жайлы құнды мәліметтерді әңгімелеп берді.  Сонымен қатар,  Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен қастерлеу отансүйгіштіктің бастауы екендігіне де ерекше тоқталып өтті.

Кездесу барысында студент жастар елтаңба авторына түрлі сұрақтар қойып, тағылымды ой-пікірлермен бөлісті.

Шығармашыл жастарымыз: Бисенбаева Диана, Жібек Әлімқұл,  Сәду Бекарыс, Нұрланқызы Дана, Серікбай Арман өз қаламдарынан туған шығармаларын көпшілік алдында орындап, кездесу қонақтарының ыстық ықыласы мен алғысына бөленді.

Яндекс.Метрика