Қабылдау комиссияларының байланыстары

«ONER Lab» зертханасындағы кездесу

«ONER Lab» ғылымишығармашылық зертханасы «Астана Опера» театры сыншылар мен көрермендер көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Спикерлер ретінде «Астана Опера» театрының көркемдік жетекшісі және Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры А.А. Асылмұратова, «Астана Опера» театры директорының орынбасары Т.Н. Альпиев, директордың ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары А.М. Құрманғалиева, Академияның өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Ф.Б. Мусина сөз сөйледі. Іс-шараның модераторы балет сыншысы, профессор Г.Т. Жұмасеитова болды.

Дөңгелек үстел басында спикерлер театрдың даму мәселелері, оның репертуарлық саясаты, балет әртістерінің орындаушылық шеберлігінің деңгейі жөнінде өз ойларымен бөлісті. Шақырылған қонақтар «жауап-сұрақ» форматында Академия студенттері мен магистранттарының сұрақтарына жауап берді. Олар көрермен көзайымына айналған нақты қойылымдардың театр репертуарына қайтарылуына қатысты сұрақтар қойып, қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, спектакльдердің жиі көрсетілуін, театр сахнасында жақсы ұлттық спектакльдерді көргісі келетіндерін айтып, тілек білдірді.

Әңгіме барысында студенттер «Астана Опера» театрының басшылығына студенттердің спектакльдерге жеңілдікпен билет алуы, сондай-ақ балеттанушылар үшін – шақырылған хореографтар және орындаушылармен әртүрлі сұхбаттар мен әңгімелер өткізу мүмкіндігі сияқты өзекті мәселелерді қозғап, өз тілектерін жеткізді.

Яндекс.Метрика