Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Махаббат күні тойлану керек пе?» атты онлайн-дебат

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай Қазақ Ұлттық хореография Академиясының студенттері арасында «Махаббат күні тойлану керек пе?» атты онлайн-дебат ұйымдастырылды. Дебаттың басты мақсаты, студенттердің ой-өрісін дамыту, іздену, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қашықтықтан ұйымдастырылған бұл дебаттың форматын Академия тұңғыш рет іске асырып көрді.

«Қозы Көрпеш» тобы «Махаббат мерекесін тойлау керек, тіпті оның бейресми статусын мемлекеттік деңгейде ресмиге ауыстыру керек» деген пікір білдірді. Ал «Баян Сұлу» тобы керісінше «Махаббат мерекесін белгілі бір күнге бекітіп қою дұрыс емес. Махаббат деген сезім. Оның қашан келіп, қашан кететіні беймәлім. Сондықтан, оны жаппай тойлау деген дұрыс емес» деген ой айтты. Екі топтың да ойы қоғамда талқыланып келе жатқан талқылаудағы әңгіме.

Онлайн дебаттың форматы студенттердің көңілдерінен шығып, ойын соңында жаңа форматқа байланысты оң көзқарастарын білдірді. Алдағы уақытта басқа да тақырыптарда аталмыш әдісті қолдану көзделіп отыр.

Яндекс.Метрика