Қабылдау комиссияларының байланыстары

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтінішті онлайн режимінде беру

2020 жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілуде.

Ағымдағы жылы түсушілер өтініштерін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (testcenter.kz) онлайн тіркейді.

  • Өтініш беру үшін түсуші алдымен egov.kz сайтында («Мобильді азаматтар базасында») телефон нөмірінің тіркелгенін тексеріп, тіркелмеген болса, сол жерде (бейнеқоңырау арқылы) тіркеледі.
  • Содан кейін div.gov.kz сайтында DIGITAL ID-сандық төлқұжат жасауы қажет (жеке басын растайтын құжат).
  • Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші pvo-zayav.testcenter.kz сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі керек.

Кешенді тестілеуге төлем тіркелу кезінде сайтта онлайн жасалады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге.

Яндекс.Метрика