Қабылдау комиссияларының байланыстары

Әбіш Кекілбаев мұрасы

Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың  (1939-2015 ж. т.) туғанына 80 жыл толуына орай, Қазақ ұлттық хореография академиясыны «Өнер факультетінің» білім алушылары әдеби шығармашылық кеш ұйымдастырды.

Іс-шара барысында білім алушылар Ә.Кекілбаевтың өмірбаянымен, шығармашылық еңбек жолымен таныстырып, шығармашалырынан үзінділер оқып, ұлағатты сөздерін көпшілікке насихаттады. Сондай-ақ, Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы туралы замандас зиялылардың пікірлерінен деректі видео материал арқылы көрсетіп, өмірі мен шығармашылығы жайында қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырды.

Шараға Академиямыздың профессорлары Ізім Т.О., Саитова Г.Ю., Әуелбекова А.У., Есенбекова Г.Ж., Досжан Р.К., Қожантаева Ж.К., Сақтағанов Б.К., Қасабекова А.И. сынды оқытушылар қауымы қатысып, білім алушыларға шығармашылық табыстар тілеп, халқымыздың ұлы тұлғаларының тарихын зерттеу – жастардың бойындағы руханилықты оятатынына сенімді екенін атап өтті.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алатын Әбіш Кекілбаев әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен өшпес сәуледей болып қала беретін жазушы екені даусыз.

Яндекс.Метрика