Қабылдау комиссияларының байланыстары

Л.Толстой мен Ф.Достоевскийдің шығармашылығына арналған онлайн кездесу өтті

2020 жылдың 5 мамырында Қазақ ұлттық хореография академиясында READx жобасы аясында “Л.Толстой мен Ф.Достоевскийдің шығармаларын тағы бір қайталап оқысақ” атты кезекті онлайн кездесу өтті.

Шараның спикері – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық хореография академиясының ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директоры Толысбаева Жанна Жеңісқызы .

Тыңдаушыларға Л.Толстой мен Ф.Достоевскийдің көркемдік дүниетанымының ерекшеліктері және шығармаларды талдауда туған өзіндік оқырмандық ойлары ұсынылды. ХІХ ғасырдың ғұламалары жайлы әсерлі де мазмұнды лекция тыңдармандардың сұрақтарына толық жауап беруімен тәмамдалды.

Яндекс.Метрика