Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Әл-Фараби: өркениеттер диалогы» тақырыбындағы онлайн-дәріс

Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында 2020 жылдың 12-мамырында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әл-Фараби: өркениеттер диалогы» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді. Дәрісті философия ғылымдарының докторы, профессор, фарабитанушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры Жақыпбек Алтайұлы Алтаев жүргізді.

Дәріс барысында ғалым әл-Фарабидің әлемдік қауымдастықтағы рөлі, әл-Фарабидің мұрасын зерттеудегі зерттеушілердің түрлі көзқарастары туралы айтып берді. Онлайн кездесу барысында Жақыпбек Алтайұлы әл-Фарабидың ұлылығы мен бірегейлігін атап өтті. Ол астрономияны, логиканы, музыка мен математика теориясын, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен құқықты зерттеді. Дәріс барысында әл-Фараби қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында сақталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, отандық ғалымдар әл-Фараби еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде басып шығару бойынша қадамдар жасалуда екендігін атап өтті. Дәрісті Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері мен қызметкерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары тыңдады. Барлығы 120-дан астам адам қатысты.

 

Яндекс.Метрика