Қабылдау комиссияларының байланыстары

“ҚазССР-нің мемлекеттік еңбек сіңірген ән-би ансамблі» шығармашылық жолының қалыптасуы онлайн дәрісі

16 сәуірде 11-00-де өтетін онлайн дәрісте 1955 жылы құрылған «ҚазССР-нің мемлекеттік еңбек сіңірген ән-би ансамблі» шығармашылық жолының қалыптасуы мен Қазақстан хореография өнерінің өркендеуіне қосқан рөлі жөнінде әңгіме өрбиді. Осы жолда еңбек атқарған балетмейстерлер мен орындаушылардың өнер жолдары және ансамбль репертуарының ерекшелігі архив құжаттарына сүйене отырып берілетін дәріс тыңдай аласыздар. Кезінде Қазақстан өнерін әлемге паш еткен ұжымның бүгінгі күні «Салтанат» би ансамблі аталуының себебін де осы дәрістен білесіздер. ZOOM платформасындағы конференция идентификаторы: 770 763 2453.

Яндекс.Метрика