Қабылдау комиссияларының байланыстары

Карантин жағдайында ресурстық эмоциялық жағдайды сақтаудың 8 тәсілі

2020 жылдың 14 сәуірінде Қазақ ұлттық хореография академиясында профессор Ш. Сатиева Студенттік ғылыми қоғам аясында  
«Эмоциялық зияткерлікті дамыту үшін виртуалды ортаны құру» тақырыбында «Психолог онлайн» атты көктемгі интенсив кеңес өткізді.

Кеңес барысында әр түрлі технологияларды, оқыту үлгілерін және өздігінен білім алуды қалай қолдануға болатыны туралы мәселелер қарастырылды. Осы кеңес арқылы қатысушылар эмоциялық денсаулық — бұл адамның қоғамдағы үйлесімді жұмыс істеуіне және күнделікті өмір талаптарына сай келетін қолайлы жағдай екенін білді.

Сондай-ақ, кеңес барысында эмоциялық денсаулық деңгейі мен кедергілер пысықталды. Өмірдегі қиын жағдайлар кезінде төзімділік сақтап, шыдамдылық көрсетуге көмектесетін жаттығулар, практикалар мен құралдар қарастырылды.

Тыңдаушылардың эмоциялық ақыл-ойды дамыту үшін виртуалды ортаны құру және басқару шеберлігі арта түсті.

 

Яндекс.Метрика