Қабылдау комиссияларының байланыстары

Кәсіптік құзыреттерді дамыту

Кәсіптік құзыреттерді жандандыру және кәсіптік құзыреттіліктің негізгі компоненттерін ашу мақсатында 2020 жылғы 8-9 қаңтарда интернаттың педагог-тәрбиешілері арасында «Кәсіптік құзыреттерді дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Тренингтің міндеті: педагог-тәрбиешілердің кәсіптік ұтқырлығын қалыптастыру, педагог-тәрбиешілердің кәсіптік құзыретін дамытуға бағытталған өз кәсіптік қабілеттері мен өзара оқуды жетілдіру үшін жағдайлар жасау. 

Тренинг кезінде адамның толық тәуелділік пен толық жауапкершілік мәселесі, басқаларды басқару мен толық тәуелділік арасындағы балансты сақтау қажеттілігі ашып көрсетілді.  «Госпитализм» ұғымы туралы, интернат тәрбиеленушілері үшін жақсы ахуал жасау маңыздылығы, сондай-ақ сүйіспеншілік пен ақ пейілді қарым-қатынастың балалардың дамуына тигізетін әсері, қарым-қатынастың маңыздылығы туралы түсінік берілді.  

Педагог-тәрбиешілер тренингте қойылған міндеттерді шешуге бағытталған психологиялық жаттығуға белсенді қатысты. 

«Кәсіптік құзыреттерді дамыту» психологиялық тренингінде педагог-тәрбиешілердің кәсіптік дағдылары мен құзыреттерін жетілдіру үшін жағдайлар жасалды. Тренингте тәрбиешілер өздерін  балалардың орнына қойып көрді, өздеріне жақсы тілектермен жолдау жасады. 

Яндекс.Метрика