Қабылдау комиссияларының байланыстары

Көркемдік кеңестердің отырысы

Академияда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанында құрылған Хореография және цирк өнері бойынша көркемдік кеңестердің отырысы өтті. 

Отырысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Н. Дәуешов, республикалық және облыстық хореографиялық ұжымдардың басшылары, қазақстандық цирктердің директорлары қатысты.

Кеңес барысында еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қазіргі хореография мен циркті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, салалық көркемдік кеңестердің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындады. 

Мәдениет және спорт министрлігі жанында өнердің барлық салалары бойынша көркемдік кеңестер құру жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасында белгіленгенін атап өткен жөн. 

Яндекс.Метрика