Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығына мүше болды

2019 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы Басқармасының шешімімен «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ  Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшесі болды. 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы Қазақстанның аккредиттелген әртүрлі типтегі және бейіндегі 81 жоғары оқу орнын біріктіреді. Бұл жоғары оқу орындары мамандар даярлаудың тиісті бағыттарында жетекші жоғары оқу орындары болып табылады. Білім ордаларында халықаралық білім беру деңгейіне сай келетін білікті профессор-оқытушылар құрамы, әдебиеттерге бай кітапхана, заманауи компьютерлік сыныптар, жақсы жабдықталған оқу-зертханалық база бар және Интернет желісіне қосылған.   

Қауымдастықтың миссиясы – Қазақстанның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің  әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуына және әлемнің дамыған елдеріндегі білім беру деңгейіне сай келетін білім беру сапасын арттыру. 

Бүкіл ұжымды Академияның Қауымдастыққа мүше болуымен құттықтаймыз! Осы жетістік одан әрі табыстарға қол жеткізуге бастай берсін!

Яндекс.Метрика