Қабылдау комиссияларының байланыстары

Эмоциялық амандықты нығайту

Академиялық топтардың кураторлары арасында психологиялық денсаулықты сақтау және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Эмоциялық амандықты нығайту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.     

Тренингтің міндеттері: кәсіби «күйіп кету» ұғымымен,  оның сипаттамаларымен танысу, «күйіп кету» белгілерінің көрінісін талдау, кәсіптік қызметпен қанағаттанбау көздерін айқындау, кәсіби «күйіп кету» синдромының алдын алуға септігін тигізетін жағдайлар жасау.

Тренингте өзін-өзі реттеудің негізгі ұғымдары мен функциялары туралы түсініктер берілді. 

Тренингке қатысушылар өз эмоцияларын қағаз бетінде көрсетті, өз сезімдерінен бас тартқандағы адамның күйін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған психологиялық ойынға қатысты. Сондай-ақ, бір-біріне жақсылық тілеу салты өткізілді.

Кураторлар өздерінің күшті қабілеттерін сезіну тәжірибесіне ие болды. 

6 қаңтарда тренингке хореография факультетінің академиялық топтарының кураторлары қатысты. 10 қаңтарда колледж және өнер факультетінің кураторлары қатысты. 

«Эмоциялық амандықты нығайту» тренингі қатысушыларға өз сезімдері мен эмоцияларын сезінуге, өзін-өзі реттеу тәсілдерімен танысуға, топтың оң тілектерін алуға, өз тұлғасының күшті жақтарын сезінуге мүмкіндік берді. 

Яндекс.Метрика