Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Jas Otan» жастар қанаты төрағасының елордалық жоғары оқу орындарының Жастар істері жөніндегі комитеттері көшбасшыларымен кездесуі

2020 жылғы 14 ақпанда «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратының ғимаратында «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Е.С. Бейсенбаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындарының Жастар істері жөніндегі комитеттерінің басшылары және көшбасшыларымен кездесуі өтті. 

Іс-шараға елордалық жетекші жоғары оқу орындарының білім алушыларымен қатар Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері де қатысты. Олар Жастар істері жөніндегі комитеттің белсенділері – «Режиссура хореографиясы» мамандығының 1 курс бакалавриат студенті Серікбай Арман, сондай-ақ «Арт-менеджмент» мамандығының 1 курс бакалавриат студенті Саду Бекарыс.

Кездесудің мақсаты «Jas Otan» жастар қанатының  жоғары оқу орындары және колледждермен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін, сонымен қатар бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылау болды. 

Яндекс.Метрика