Қабылдау комиссияларының байланыстары

II жас хореографтар конкурсы

Бүгін Қазақ ұлттық хореогарфия академиясында Академияның хореография факультетінің ұйымдастыруымен II жас хореографтар конкурсы өтті.

Жыл сайынғы конкурс режиссура, балетмейстерлік өнер саласындағы талантты жастардың шығармашылығын қолдау және дамыту, жеке идеялары мен ойларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан композиторларының туындыларын көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурстық бағдарлама жаңа репертуармен танысуға, ерекше орындаушыларды айқындауға, хореография режиссурасы саласында шығармашылық жетістіктер, кәсіби тәжірибе және білім алмасуға мүмкіндік туғызды.

Конкурсқа 10 аса қатысушы қатысты.  Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздарын әділ қазылар алқасының мүшелері келесі бағалау критерийлеріне сәйкес анықтады: 

– драматургиялық әзірлеменің егжей-тегжейлігі;
– музыкалық-хореографиялық драматургия;
– нөмірдің композициялық тұтастығы;
– көркемдік мәнерлілік;
– орндаушылық шеберлік.

Конкурс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар айқындалды: 

– 1-дәрежелі диплом –  Сайлауова Арайлым, «Режиссура» кафедрасының 4 курс студенті  
– 2-дәрежелі диплом – Қасым Жанна, «Режиссура» кафедрасының 4 курс студенті  

– 2-дәрежелі диплом – Фазылова Разалия, «Режиссура» кафедрасының 4 курс студенті 
– 3-дәрежелі диплом – Гаранин Эдвард, «Спорттық-бал биінің педагогикасы» кафедрасының 4 курс студенті  
 – 3-дәрежелі диплом – Тусубекова Әсел, «Ұйымдастырушы-педагог» кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 2 курс студенті

Жас режиссер-хореограф дипломдары келесі студенттерге табыс етілді:

  1. Гаранин Эдвард, «Спорттық-бал биінің педагогикасы» кафедрасының 4 курс студенті
  2. Мухамбетова Алина, «Режиссура» кафедрасының 3 курс студенті
  3. Акбузова Адель, «Режиссура» кафедрасының 3 курс студенті
  4. Камбламбек Аружан, «Режиссура» кафедрасының 2 курс студенті
  5. Қасым Жанна, «Режиссура» кафедрасының 4 курс студенті
  6. Сайлауова Арайлым, «Режиссура» кафедрасының 4 курс студенті
  7. Фазылова Разалия, «Режиссура» кафедрасының 4 курс студенті

Студенттерді жеңістерімен құттықтай отырып, оларға одан әрі толағай табыстар тілейміз!

Яндекс.Метрика