Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектер кеші

Қазақ ұлттық хореография академиясы түлектеріне диплом тапсыру салтанатты жиыны 2019 жылдың 24 маусымында өтеді.

Академияның түлектер кеші камералық оркестр әуенімен П.И. Чайковскийдің «Полонез», С. Прокофьевтің «Ромео және Джульетта» балетінен композиция және көптеген басқа шығармаларды ойнау арқылы «Астана опера» театрының мәрмәр залында өтеді.  Түлектер кеші ересек өмірге аяқ басу символына айналатын Иоганн Штраустың вальсімен аяқталады.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, Ресей Федерациясының халық әртісі, Ресей Федерациясы мемлекеттік сыйлығының иегері Алтынай Абдуахимовна Асылмұратованың және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының премьері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бахтияр Адамжанның қолдарынан диплом тапсыру – түлектер кешінің асыға күткен сәті.

Яндекс.Метрика