Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары «Нева жағалауларындағы кездесуден» кубок алып келді

11-15 қазан аралығында Санкт-Петербургтегі Оқитын жастар сарайында «Нева жағалауларындағы кездесу» IX Халықаралық хореография өнері фестивалі өтті. 

Міне, тоғыз жыл қатарынан Санкт-Петербургтегі Оқитын жастар сарайының базасында Ресей, Италия, Латвия, Беларусь және Қазақстанның хореографиялық ұжымдарының үш жүзден аса қатысушылары жиналып келеді. Қазақ ұлттық хореография академиясы атынан «Би ансамблінің әртісі» мамандығы бойынша              3 курс студенттері Аққанат Смағұлова, Жания Қанат және қазақ би оқытушысы Алмат Шердарұлы Шәмшиев барды.

Фестиваль бағдарламасы мазмұнды болды. Фестивальге қатысушылар үшін педагог-хореографтар шеберлік кластарын өткізді. «Карнавал» театр-концерттік кешенінде өткен Гала-концертте қатысушы елдер концерттік нөмірлерін көрсетті, Қазақ ұлттық хореография академиясы Алмат Шәмшиевтің халық музыкасына қойылымындағы «Әшекей» хореографиялық миниатюрасын және Нұрғиса Тілендиевтің музыкасына Анвара Садыкованың қойылымындағы «Аққулар» биін ұсынды. Тәрбие жұмысы жөніндегі директор Алишева Алила Турсумбаевна үлкен репетиторлық жұмыс жүргізді. Академия оқушыларының  табысты өнер көрсетуі «Нева жағалауларындағы кездесу» IX Халықаралық хореография өнері фестивалінің жоғары жүлдесі – бас кубокпен атап өтілді. Әділ қазылар алқасының мүшелері, шақырылған хореографтар студенттердің жоғары орындаушылық шеберлігін, сондай-ақ қазақ биінің әдемілігі мен көркемділігін атап өтті.      

Ауқымды жобаның мәдени жағы да назардан тыс қалған жоқ. Қатысушылар үшін Санкт-Петербургтің ең әдемі көшелеріне, Эрмитаж, Петергоф, Пушкин және Павловск мұражайларына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Яндекс.Метрика