Қабылдау комиссияларының байланыстары

Фридерик Шопеннің құрметіне арналған концерт

Кеше Қазақ ұлттық хореография академиясында ұлы поляк композиторы, пианисі Фридерик Шопенге арналған концерт өтті.
Ф. Шопен – батыс европалық музыкалық романтизмнің көрнекті өкілдерінің бірі, поляк ұлттық композиторлық мектебінің негізін қалаушы. 

Шопеннің танымалдығы оның композиторлық және концерттік қызметіне ғана байланысты емес.  Талантты поляк музыканты тамаша ұстаз ретінде де танымал болған. Фредерик Шопен бірегей пианино әдістемесінің негізін қалаушы болып табылады, осы әдістеме көптеген  пианистерге нағыз кәсіпқой болуға септігін тигізді.

Концертке концертмейстерлер: Кайсар Архаров, Султан Ибрагимов, Жадыра Кадырова, Зере Тулегенова, Жанара Абылханова, Анара Мукушева, Асель Тайбергенова, Гайни Аминова, Макпал Даулетжанова, Раушан Мамынова, Дария Ахметбекова, Шарифа Есиркепова, сондай-ақ мектеп-колледждің оқушылары Сабина Мухтарова, Камила Шкибаева (оқытушы А.С. Бикенованың класы), Аружан Серікбай (оқытушы Н.Г. Нурпеисованың класы) қатысты. Концертті жүргізген: Н.Г. Нурпеисова.

Керемет таңдалған контент шығармалардың сипатын ерекше ашып көрсетті – үйлесімді, жанға жайлы. Тамаша көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз!  

Яндекс.Метрика