Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында балаларды фото бойынша қашықтықтан алдын ала қарау шарасы басталды

Қазақ ұлттық хореография академиясының
кәсіптік білім беру мектеп-колледжіне түсу емтихандарына рұқсат алу үшін қашықтықтан алдын ала қараудан өту

13 сәуірден бастап Қазақ ұлттық хореография академиясында балаларды фото бойынша қашықтықтан алдын ала қарау шарасы басталады.
Бұл кезеңде баланың деректері мен дене бітімі оның фотосуреттері бойынша алдын ала бағаланады.
Фото бойынша алдын ала қараудан өткен балалар 1-4 кластарға (Нұр-Сұлтан қаласында тұратын балалар үшін) және 4 класқа (ҚР басқа өңірлерінде тұратын балалар үшін) түсу емтихандарын тапсыру үшін Қазақ ұлттық хореография академиясына (Нұр-Сұлтан қ.) шақырылатын болады.

Фото бойынша алдын ала қарауға қатысу үшін баланың фотосуреттерін www.balletacademy.kz сайтындағы «Алдын ала қарау» бөлімінде көрсетілген критерийлер бойынша admissions@balletacademy.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

www.balletacademy.kz сайтындағы фотосуреттерге қойылатын талаптармен міндетті түрде танысуларыңызды сұраймыз.
Талаптарға сәйкес келмейтін фотосуреттер қаралмайды.

Яндекс.Метрика