Қабылдау комиссияларының байланыстары

Назарбаев Зияткерлік мектебінен тәжірибе алу

Қазақ ұлттық хореография академиясына Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары келді.  

Өмір бір орында тұрмайды, білім беру жүйесіне реформалауды, жаңа технологиялар мен әдістемелер енгізуді талап етеді.  «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі» оқыту тәжірибесі республикамыздағы озық тәжірибелердің біріне айналды, Елбасы атап көрсеткендей, оны еліміздің бүкіл білім беру жүйесіне тарату қажет.

Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қазақ ұлттық хореография академиясы арсындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында Академияға Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары келді. Ондағы басты мақсат – сабақтарды қадағалау және кері байланыс орнату. 

Академия Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру тәжірибесін 2019 жылдың басынан бастап қабылдауда. Келісім аясында тарих, ағылшын тілі, информатика және математика мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сондай-ақ, Академияның педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін күшейту мақсатында НЗМ базасында қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндерден сабақ беру бойынша шеберлік кластары өткізілді.

Шеберлік кластарында Академия педагогтары, сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қорытындылай келе, Академия оқытушылары шеберлік кластарының,  семинарлардың, конференциялардың жүйелі түрде, оның ішінде онлайн режимінде өткізілуі және өткізілетін сабақтарды қадағалау педагогтардың кәсіптік құзыреттерінің өсуіне ықпал ететінін атап өтті. 

Тәжірибе алмасу аясында Академия ұстаздары өз кезегінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-хореографтары үшін шеберлік кластарын өткізуді жоспарлап отыр.

Яндекс.Метрика