Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Фактчекинг «True or false (Шындық пен өтірік)» Online әңгіме

2020 жылғы 10 сәуірде Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Діни проблемаларды зерттеу орталығының Ақтөбе облысы Діни істер басқармасының «Аңсар» ақпараттық талдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Фактчекинг «True or false (Шындық пен өтірік)» онлайн ақпараттық-түсіндіру әңгімесіне қатысты. Іс-шараның тақырыбы нақты діни ақпарат алу проблемаларына арналған.   

Қазір Елімізде дінге қызығушылық артқан. Дінге қатысты барлық мәселелердің бәріне тыйым салған жетпіс жыл дәуірлеген атеизм заманы өз ізін қалдырды. Адамдар білім іздеу мақсатында әртүрлі ақпарат көздеріне жүгінген. Ақпараттың негізгі көздері:

 – кеңістік интернеті;

– тіркелген діни бірлестіктер;

– кітаптар;

– тәлімгерлер.  

Осыған байланысты, өз сұрақтарына жауап іздеген жастарға қандай ақпарат көздеріне сүйенуге болатыны жөнінде түсіндіру қажет.

Көбінесе, діни тұрғыдағы барлық ақпаратты интернет ресурстардан іздейді. Дінге қатысты ақпаратты іздеу кезінде:  

  1. сыни ойлау
  2. медиа сауаттылық қажет.

Сыни ойлау не үшін қажет? Шетелде сыни ойлауға көбірек көңіл бөліп, оны арнайы оқытады. Сыни ойлау қабілеті адамның шындықты өтіріктен, фейкті фактіден ажырата білу іскерлігін дамытады. Сондай-ақ, Батыс елдерінде осы мақсатта медиа сауаттылықтың дамуына септігін тигізетін ақпараттық порталдар іске қосылды. Мысалы, біз Google іздеу жүйесінен ақпарат іздейміз. Ақпарат іздеу жолына өзімізді қызықтыратын тақырыптың атауын жазамыз, ал Google бізге осы тақырып бойынша барлық ақпаратты көрсетеді. Әзірленген WolframAlpha іздеу жобасы тек діни тексеруден өткен ақпаратты ғана көрсетеді. Өкінішке орай, осы платформа тек ағылшын тілінде ғана жұмыс істейді. Алайда, қазіргі кезде аударма жасайтын көптеген қосымшалар бар, сондықтан іздеу жүйесін пайдалану бойынша проблемалар туындамауға тиіс.   

Өкінішке орай, экстремистік тұрғыдағы деструктивті діни ағымдар адамдарды өз қатарларына тарту үшін барлық заманауи мүмкіндіктерді пайдаланады.  

Фейк қайдан пайда болады? Әлемде “The New York Times”, “The Guardian”, “The Washington Post” және сол сияқты тағы да басқа ірі ақпараттық сайттар бар. Деструктивті діни ұйым өз парақшаларында ақпараттық посттарды шығарғанда, тек сайттың атауында бір ғана әріпті өзгертіп, ақпарат көзі ретінде осы сайттарды көрсетеді. Әдетте, адамдар мұны аңғармайды. Осылайша, болып жатқан оқиғаларға қатысты «әділдік» пен кек алуға шақыратын түрлі суреттер шығады. Мұны тінтуір курсорын суретке қойып, тінтуірдің оң жағын басу арқылы тексеруге болады, сонда «Google-дан суретті табу» деген сілтеме шығады. Суреттің нақты қайдан шыққанын және берілген ақпаратқа қатысын осылай білуге болады. Атап өтетін жайт, Елімізде жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274. «Көрінеу жалған ақпаратты тарату» бабымен жазаланады.    

 Бүгінгі күні сайттарды жасайтын адамдар, олардың орналасқан жері және тағы басқа туралы ақпарат беретін бірнеше сайттар бар. Атап айтқанда:

1) http://whois.domaintools.com/ – мұнда сайттың қашан, қай жерде және кімнің ашқаны туралы білуге болады;

2) https://liveuamap.com/ – бүкіл әлем бойынша қауіпсіздік және шиеленістер туралы есептер жарияланады. Мұнда әскери жанжал туындаған өңірлеріндегі оқиғалардың картасы мен осы туралы нақты ақпаратты көруге болады;

3) https://tineye.com/ – бұл сайт сурет немесе фотоның қандай интернет ресурстарында пайдаланылатынын көрсетеді;   

4) https://pipl.com/ және https://webmii.com/ – адам туралы нақты  ақпарат беретін сайттар.

Берілетін ақпаратқа тоқталатын болсақ, біз адамның ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Адам қандай да бір ақпаратты алғанда, үш санат бойынша талдау жасайды:

  1. Ақпарат ұнайды ма немесе жоқ
  2. Ақпарат маған, отбасыма және мен үшін маңызды адамдарға қауіпсіз бе немесе жоқ.
  3. Мен ақпаратты меңгере аламын ба немесе жоқ.

Егер ақпарат ұнамаса, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін болса (мысалы: берілетін ақпарат мен үшін маңызды адам айтқан ақпаратқа күдік  келтіреді ме), онда адам ақпаратты әрі қарай тыңдамайды. Көбінесе, ақпараттың күрделілігі соншалықты, оны меңгеру қиын болады. Сондықтан әңгіме-дүкен құру кезінде осы ерекшеліктерді ескерген жөн.

Көбінесе адамдардың хабардар болу деңгейі әртүрлі болып келеді, айтылған ақпараттың мазмұны да көбіне түсінікті бола бермейді. Деструктивті діни ағымдар осы қарапайым ережелерге аса мән береді. Сондықтан оларға жастарды өздеріне тартып алу оңай. Қазіргі кезде олар өз қатарларына тартудың күрделі жолдарын пайдаланады. Олар өңірлерге бармайды, тек әлеуметтік желілерді қолданады. Олардың фейк парақшаларының тұзағына жастар ғана емес, сондай-ақ орта жастағы адамдар, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар да түседі. Қазақстанның бүкіл аумағында ашылған Діни істер жөніндегі орталықтар әртүрлі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Бұл іс-шаралар арқылы пайдаланушылардың талқылауларында, тіпті ресми діни ұйымдардың парақшаларында деструктивті дүниетанымды қалыптастыратын қауіпті хабарламаларды көруге болады.       

Қазіргі таңда ұлттық дәстүрлерді, мемлекеттік рәміздерді құрметтемейтін жастарды кездестіруге болады. Олардың пікірінше, Әнұран – бұл ән, ал ән – харам.

Біз – діни сенім еркіндігі берілген зайырлы мемлекетпіз. Бірақ, біздің мемлекеттік құрылымды ең ауыр күнә – ширк деп санайтын адамдар табылады. Олар Еліміздің заңдарымен, қоғамдық тәртіппен санаспайды. Деструктивті діни ұйымдар жабылғанымен олардың құрамында болған деструктивті дүниетанымы бар адам қалып қойған. Міне, осыған байланысты қоғамда қауіпті жағдай туындайды.       

Сондықтан, өз халқымыздың дәстүрлерін зерделеп, танумыз қажет. Ата-бабаларымыздың салған жолын, Еліміздің тарихын жақсы білуіміз керек. Дін туралы айтқан кез келген адамға сенбеген абзал. Әрбір айтылған фактіні өз бетінше тексеріп, естіген жайттың бәрін сыннан өткізу қажет. Қазақстанда Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебі ресми түрде қабылданған. Барлық мазхабтар осы мектептерде оқытудан өтеді. Егер Сізде дінге қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласының Діни проблемаларды зерттеу орталығына @elorda_cipr инстаграм парақшасы бойынша жүгінуге болады.     

Яндекс.Метрика