Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша call-центр номері +7 (7172) 798-570
Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша электронды почта адресі Support@balletacademy.kz
Білім алушыларға, ата-аналарға және оқытушыларға психологиялық қолдау көрсету орталығы телефон номері +7 (7172) 790-848

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің жалпы білім беретін бағдарламасы (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы) бойынша «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ-на оқуға қабылдау шарттары

Түсу емтихандары басталмастан бұрын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің жалпы білім беретін бағдарламасы (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы) бойынша, оқуға түсушілер алдын ала қараудан өтеді (фотоқаралым) онда арнайы пәндердің жетекші оқытушылары баланың табиғи, кәсіби қабілетін, физикалық дене бітімін бағалайды. Алдын ала қараудан өткен түсушілер түсу емтихандарына қатысуға жіберіледі Академияға білім алушыларды қабылдау табиғи деректері, физикалық дене бітімі бар тұлғаларды айқындау мақсатында конкурстық негізде жүргізіледі.

Алдын ала қараулар (фотоқаралымдар) ақпан мен маусым айларын қоса алғанда жүргізіледі.

Академияда 1-ші сыныпта оқуға жасы алты-жеті жастағы және ағымдық күнтізбелік жылда алты жасқа толатын тұлғалар конкурстық іріктеу арқылы қабылданады. Іріктеу нысаны – оқуға түсушіні жеке қарау.

Академияның 2, 3-сыныптарында бос орындар болған кезде конкурстық негізде дарынды балалар қабылдануы мүмкін.

Алдын ала қараудан өткен және іріктеуге жіберілген балалар ағымдағы жылдың 15 маусымынан 10 шілдесі аралығында Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады: 

  • Баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) іріктеуге жіберу туралы  өтініші;
  • ЖСН көрсетілген (қоса берілген) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Медициналық паспорт-түпнұсқа, бекітілген емхананың бас дәрігерімен куәландырылған көшірмесін тапсыруға рұқсат етіледі;
  • Амбулаторлық карта ф.112 (емханадан баланың даму картасы) – түпнұсқа (медициналық тексеруден соң қайтарылады);
  • 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет.

20-27 шілде аралығында оқуға түсушілер іріктеудің үш турынан өтеді.

2020 жылғы қабылдаудың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепке (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы бойынша) түсу емтихандарының кестесі

Сынып

Кезең
I

II – мед.комиссия

III

1 сынып

20.07.2020 ж/ сағ 9.00 

22.07.2020 ж/ сағ 14.00

24.07.2019 ж/ сағ 14.00

2 сынып

22.07.2020 ж/ сағ 14.00 23.07.2020 ж/ сағ 14.00

25.07.2019 ж/ сағ 9.00

3 сынып 22.07.2020 ж/ сағ 14.00 23.07.2020 ж/ сағ 14.00 25.07.2019 ж/ сағ 9.00

I тур – оқуға түсушіні жеке тексеру. Емтихан комиссиясы оқуға түсушінің табиғи дене ерекшелігі мен кәсіби  қасиеттерін келесі критерийлер бойынша анықтайды:

  • дене бітімі (жалпы сипаттама);
  • болашақ әртістің сыртқы келбеті және сахналық келбеті; 
  • аяқтың айналуы;
  • көтерілу;
  • қадам;
  • иілгіштік;
  • секіру;
  • музыкалық естуі, ырғақ (берілген музыкалық ырғақты қайталау).

II тур. Медициналық комиссия үміткердің денсаулық көрсеткіштерінің медициналық талапқа сәйкестігін тексереді және дене бітімінің күйін бағалайды:

  • салмақ пен бойдың арақатынасының оның жасына сәйкестігі;
  • отырған кездегі және тұрған кездегі бойының арақатынасы;
  • дене мүсіні (мүсіннің бұзылуының болмауы);
  • табаны (деформацияның болмауы);
  • көздің көруі (ақаудың болмауы);
  • мамандардың жалпы медициналық тексеруі.

III тур. Емтихан комиссиясы оқуға түсушінің музыка әуеніне қозғалу процесіндегі қозғалыс моторикасының үйлесімділік деңгейін анықтайды. Бұл үшін түсушіге арнайы тапсырмаларды орындауды ұсынады. Мысалы, марш, галоп, полька, тебу, секіру  және басқа да күрделі емес қозғалыстар.  Түсуші өзінің қалауы бойынша ұзақтығы 2 минуттан аспайтын алдын ала дайындаған биді немесе эпизодты орындай алады.

Түсу емтихандарының нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады. Түсу емтихандарын бағалау жүйесі:

 

Дәстүрлі бағалау жүйесі Балдық жүйе Қорытынды
Өте жақсы «5» 25 балл жарамды
Жақсы «4» 17 -24 балл
Қанағаттанарлық «3» 8-16 балл
Қанағаттанарлықсыз «2» 2 – 7 балл жарамсыз

 

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепке (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы) бойынша оқуға түсушілердің салмағы мен бойының сәйкестік нормасы 1-қосымшада көрсетілген. 

Критерийлердің бірі бойынша «2» балл және әрбір тур қорытындысы бойынша кемінде «8» балл алған оқуға түсуші келесі турға жіберілмейді.

Морфофункционалдық критерийлер бойынша «2» бағасын (2-7 бал)   алған оқуға түсуші келесі турға жіберілмейді.

Академияға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында конкурстық іріктеу, түсу емтихандары өтетін орындарға бейнебақылау жүйесі орнатылады.

1-3 сынып оқушыларының оқу шарты бір оқу жылына жасалады.

Академияға түсуге кедергі келтіретін аурулардың тізімінде көрсетілген бұрынғы сырқаттар, патологиялық жағдайлар, функционалдық бұзылулар, дене дамуының ерекшеліктеріАкадемияғатүсуге кедергі болады (2-қосымша).

Барлық турлар аяқталғаннан кейін емтихан комиссиясы Қабылдау комиссиясына іріктеу нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады, олардың негізінде Академияға оқуға түсушілер арасында конкурс өткізіледі. Барлық турлардан өткендердің қатарынан кәсіби қасиеттері және балы аса жоғары үміткерлер таңдап алынады.  Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат 1 шілдеде Академияның ақпараттық стендінде және сайтында жарияланады (balletacademy.kz).

Академияда оқу үшін конкурстан өткендер келесі құжаттарды ұсынады: 

  • Оқуға түсушінің ата-анасының (заңды өкілдерінің) нысаны бойынша Академияға оқуға қабылдау туралы өтініші;
  • ЖСН көрсетілген (қоса берілген) туу туралы куәліктің көшірмесі;
  • Медициналық паспорт(№ 026-у нысан) – түпнұсқа;
  • Медициналық карта (063 нысан – егу картасы) – түпнұсқа;
  • 3×4 көлеміндегі фотоcурет (4 дана);
  • Отбасы құрамы туралы анықтама; 
  • Ата-ананың жұмыс орнынан анықтама;
  • Ата-ананың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  • Мекенжай анықтамасы;
  • Есептен шығару талоны (2,3-сыныптарға түсушілер үшін); 
  • Үлгерім табелі (2,3-сыныптарға түсушілер үшін);
  • Медициналық араласуға ата-аналардың ақпараттық ерікті келісімі;
  • Хабарлама;
  • Фото және бейнетүсірілімге келісім.
  • Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар олардың мәртебесін анықтайтын тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынады.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы) оқитын білім алушылар құрамына конкурстық негізде қабылдау:

– конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейін бес күннің ішінде негізгі және резервтік тізімдер жасалады және Қабылдау комиссиясының хаттамасының шешімімен рәсімделеді. Оқуға түсушілердің негізгі тізімін Қабылдау комиссиясы жинақталатын сынып-жиынтықтардың санына қарай қалыптастырады. Үміткерлердің резервтік тізімі жинаған балл сомасының кемуіне қарай  негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа қатысушылардың қатарынан қалыптастырылады (10 адамнан кем емес)
– балаларды білім алушылар құрамына қабылдау жөніндегі шешім педагогикалық кеңестің хаттамасымен рәсімделеді.

Білім алушылардың қатарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде оқуға түсушілердің балдары тең болған жағдайда, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, үздік білімі туралы құжаты бар тұлғаларға (растайтын құжаттардың негізінде), хореографиялық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздарына айрықша құқық беріледі.

! Төтенше жағдайға байланысты құжаттарды қабылдау мерзімі мен түсу емтихандарының кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Яндекс.Метрика