Қабылдау комиссияларының байланыстары

Эмоциялық зерде немесе эмоцияларды қалай басқару қажет

2019 жылғы 8 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында Студенттік ғылыми қоғамның «Эмоциялық зерде немесе эмоцияларды қалай басқару қажет» тақырыбындағы кезекті кездесуі soft–skills форматында өтті.

Іс-шараның мақсаты – топтық өзара іс-қимыл тәжірибесін меңгеру, топ мүшелері арасында эмоциялық зерде құзыреттерін жақсарту, қатысушылардың топтық мақсатқа табысты қол жеткізу тәжірибесіне ие болуы. Академия қызметкерлері мен оқушыларының эмоциялық зерде компоненттері мен құзыреттерін арттыру үшін жағдайлар жасау.    

Барлық техникалар өз сезімдерін тану қатты қиын және оларды қалай атауға қиналатын адамдарға арналған. Таңдап алынған әрбір сезім жеке пысықталды, бұл сезімдердің, ойлар мен іс-қимылдардың байланысын талдауға, әдеттегі мінез-құлық модельдерін ұғынуға көмектесті. 

Сөз сөйлеушілердің пікірінше, эмоциялардың ерекшелігі әрбір адам оларды саналы түрде басқара алады.  Олар кез келген мақсатқа қол жеткізу үшін күшті құрал. Бұл үшін өз эмоцияларыңды тезірек саналы түрде ұғынып, оларды басқаратын өзіңнің табиғи қабілетіңді дамыту, эмоциялық тәжірибе жинақтау және оларды өз қызметіңде саналы пайдалана бастау керек.

Яндекс.Метрика