Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Elorda jastary 2019» конкурсы

Елордада «Elorda jastary 2019» жыл сайынғы конкурстың жеңімпаздары анықталды. Конкурс 15 номинация бойынша өткізілді. Конкурсқа мыңнан аса белсенді жастар қатысты. «Спорт» – «Спорттық бал билері» номинациясында біздің Академияның студенті Мадияр Мусаифов жеңімпаз атанды. Мадияр – Хореография факультетінің 2 курс студенті, Қазақстан Республикасы спорттық бал билері бойынша спорт шеберіне кандидат, Қазақстанның екі дүркін чемпионы  (Kazakhstan Open-2015) Астана қ., Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері (Kazakhstan National Championship-2017) Астана қ., Қазақстан Кубогының иегері (Kazakhstan Open Cup-2017) Алматы қ., Еуропалық билер бағдарламасы бойынша Еуразия Чемпионы (Silk Way-2014), Еуразия чемпионатының күміс жүлдегері (Silk Way-2015) Астана қ., Ресей ашық чемпионатының қола жүлдегері (ROC-2017) Мәскеу қ., латынамерикандық билер бағдарламасы бойынша Челябинск облысы чемпионатының күміс жүлдегері (Челябинск облысы губернаторының кубогы – 2019) Челябинск қ., халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, жасөспірімдер арасында шағын футбол бойынша Қарағанды облысының үш дүркін чемпионы. Мектеп оқушылары арасындағы спактакиада аясында үздік қақпашы, әскери қоян-қолтық ұрыстан Қарағанды облысы чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, әскери қоян-қолтық ұрыстан халықаралық жарыстардың жүлдегері, Қарағанды жеңіл атлетикалық марафонның жүлдегері «Индустриалдық Қарағанды» (2015,2016,2017,2018), шағын футболдан Қазақ ұлттық хореография академиясы ректоры кубогының иегері (2019), Қазақ ұлттық хореография академиясы ректорының  кубогы аясында үздік қақпашы.

Мадиярды және оның жетекшісі, аға оқытушы Евгений Сергеевич Моисеевті жеңістерімен құттықтаймыз және үлкен шығармашылық табыстар тілейміз!

Яндекс.Метрика