Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ең үздік АРТ-жобаға байқау

Өнер факультетінде 4 курс білім алушылары арасында ең үздік АРТ-жоба байқауы аяқталды. Байқау 2 кезеңнен өтті – іріктеу және негізгі. Іріктеу айналымында комиссия мүшелері келіп түскен өтінімдердің арасынан 5 ең үздік жұмысты таңдап алды. 

1. Монтаева Алия –“Art Splash” шығармашылық орталығы”
2. Мирзаев Аскар – “Визуалдық өнер фестивалі”
3. Базар Гульсара – “Балалар өнер студиясы “Тамшы”
4. Нурбосынова Балжан – “Интернет-дүкен ұлттық өнімді алға жылжыту құралы”
5. Байкенова Зарина “INSTA-ART әлеуметтік желілер арқылы нақты өмірге”

Екінші айналымда осы 5 жобаның авторлары онлайн-режимде  комиссия мүшелеріне өз туындыларын таныстырып, сұрақтарға жауап берді. 

Байқау нәтижелері бойынша Зарина Бакенованың «INSTA-ART» жобасы үздік танылды. Оның шығармашылығының мақсаты  – Инстаграм арқылы өнерді виртуалдық және нақты әлемде зерттеу және дамыту. Бүгінгі жаһандану жағдайында жастар жаңа әсерлер, қызықтар мен шабыт іздеу үстінде. Бұл жоба ең үздік дүниелермен таныстыруға, жаңа ізденістер мен оқуға ынталандыруға, барлық буын өкілдеріне жеке шығармашылық ізденістер үшін шабыт беруге бағытталған.   

Яндекс.Метрика