Қабылдау комиссияларының байланыстары

Деструктивті күштер: түсіну және зарарсыздандыру

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Интернет-ресурстар арқылы деструктивті діни идеологияның жастар арасында таралуының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.          

Жастар ортасы өзінің әлеуметтік сипаттамасы мен қоршаған ортадағы жағдайды тез қабылдап алу сипатына қарай қоғамның теріс наразы күштер тез жинақталатын және іске асырылатын бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік, саяси, экономикалық және өзге факторлардың әсеріне тез бейімделгіш жастар ортасында радикалды діни көзқарастар мен нанымдар оңай қалыптасады. Осылайша, ұйымдастырушылар жастарды өз мүдделері үшін белсенді пайдаланатын экстремистік және террористік ұйымдардың қатарын жас азаматтар толықтырады деп санайды. 

        Осы құбылыстың алдын алу мақсатында Академияда Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Ғылыми-талдамалық орталығының маманы Ольга Гайко Академия білім алушыларымен  кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттердің назарына Қазақстан Республикасындағы діни жағдай, діни ұйымдар қызметінің заңдылығын айқындайтын заңнамалық база туралы ақпарат, сондай-ақ әлеуметтік желілер, көпшілікке танымал видео-хостингтер мен аса өзекті интернет-контенттер арқылы жастарды деструктивті экстремистік ұйымдарға тарту әдістері туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, спикер деструктивті интернет-контенттердің психологиялық әсерінен қорғану тәсілдері мен олар тарататын ақпараттың растығын тексеру әдістері жөнінде айтып берді. 

Яндекс.Метрика