Қабылдау комиссияларының байланыстары

Әкем, анам, мен – спорттық отбасымыз

Отбасылық ойындар – ойын-сауық және қызықты спорттық іс-шаралардың бірі. Демалыс күндері Академияда белсенді түрде өтті. Бірінші класс оқушылары  өз ата-аналарымен «Әкем, анам, мен – спорттық отбасымыз!».

Бұл күні әрбір қатысушы өзінің ептілігі, шапшаңдығы, мергендігі, күштілгі мен тапқырлығы жағынан жарысқа түсті. Спорттық-отбасылық мереке өте тартымды өтті. Қатысушылар, жанкүйерлер мен қатаң әділ қазылар алқасы спорт залында жиналды. Музыка, қошеметтер мен жанкүйерлердің қолдауы – мерекелік көңіл-күй барлығынан сезіліп тұрды.

Жарыс нәтижелері бойынша әділ қазылар алқасы қорытынды шығарды.  Командалық біріншілік арасында достық жеңді!

Кез келген отбасы үшін бірге өткізген уақыттың мәні зор. Ата-аналар жүгіріп, секіріп, балалардан гөрі жеңіске балаша қатты қуанды. Ал балалар ата-ана махаббаты мен қамқорлығына қуанды. Отбасылық команданы жеңіске деген ұмтылыс біріктіреді. Бұл мереке көпке дейін балалар мен олардың ата-аналарының есінде қалатын болды. 

Яндекс.Метрика