Қабылдау комиссияларының байланыстары

«ONER lab» зертханасындағы шығармашылық кездесу

Академияның өнер факультеті жанындағы «ONER lab» ғылымишығармашылық зертханасы «Астана Балет» театры: спектакльдер мен жасаушылар, образдар мен орындаушылар» ғылыми жобасын іске асыру аясында театрдың шақыруымен келген хореограф Рикардо Амаранте және жас балет солисі Кіші Едсон Артур Мачадомен шығармашылық кездесу өткізді.

Кездесудің модераторы балет сыншысы, профессор Г.Т. Джумасеитова болды. Кездесуге қатысқан болашақ балеттанушылар, режиссер-хореографтар, орындаушылар мен арт-менеджерлер өздерін қызықтырған әртүрлі сұрақтарға қызықты әрі толық жауап алды. Олардың Қазақстанға қалай келгені, батыс балет мектептері мен труппаларындағы оқу және жұмыс жүйесі, олардың Қазақстанда алған әсерлері мен ұлттық балетті қалай қабылдағаны студенттердің қызығушылығын тудырды.  

Рикардо Амаранте болашақ балеттер идеясының қалай туындайтыны, музыка және орындаушылармен жұмыс жөніндегі өз құпияларымен бөлісті. Х.Таверастың музыкасынан, қазақстандық балериналардың сұлулығы мен мәнерлі пластикасынан шабыт алып, МакМиллан стилінде қойған өзінің алғашқы қойылымы «GAIA» балеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Хореографтың қазіргі заманғы атақты хореографтармен бірге жасаған жұмысы туралы әңгімесі және ұлттық балет өнерінің даму келешектері жөніндегі ойлары ерекше қызықты болды.

Кездесуге қатысушылар жас балет солисі Кіші Едсон Артур Мачадоның ұлттық стильдегі хореография сын жоғары бағалады. Бразилиялықтың қазақ билерін қалай тамаша орындайтыны жөнінде қойылған сұраққа Едсон Артур кіші Мачадо былай деп жауап берді: маған барлық жанрлар қызық және бәрі қолымнан келеді, әсіресе қазақ ұлттық билері қатты ұнайды. Алайда, Қазақстанға алғаш келгенде тілдік кедергілердің қиын болғанын есіне алды. Би тілі осы қиындықтарды жеңуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ ұлттық хореографияны жақсы көріп кетуіне септігін тигізген. 

Яндекс.Метрика