Қабылдау комиссияларының байланыстары

“ЖАСТАР – КҮШ – БОЛАШАҚ” ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫ

ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп «Жастар – Күш – Болашақ» шығармашылық конкурсын жариялайды.

Іс-шара қазақстандық мұнайдың 120-жылдығына және Қазақстандағы Жастар жылын мерекелеуге арналған, сонымен қатар Kazakhstan Energy Week – 2019 және «KAZENERGY» XII Евразиялық Форумының аясында өтеді.

Конкурсқа 14-18 жас аралығындағы жас суретшілер қатыса алады,  конкурс үш номинацияда өтеді:

  1. Қазақстанның мұнай саласының тұлғалары;
  2. Мұнай өңірінің пейзаждары;
  3. Болашақтағы мұнай мен газ.

Конкурстың барлық қатысушыларына «Қатысушы сертификаты», қорытынды көрме үшін жұмыстары таңдап алынған финалистерге – «Финалист дипломы», финалистердің жетекшілеріне –  «Алғыс хат» табыс етіледі. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Нұр-Сұлтан қаласына бірегей шақырту тапсырылып, мұнда олар  KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 құрметті қатысушылары болады!

Конкурстың ережесі. 

Өтінімдер 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.  Оларды өз қолымен тапсыруға немесе поштамен «Жастар – Күш – Болашақ» шығармашылық конкурсына деген белгімен ұйымдастыру комитетіне келесі мекенжайға жіберуге болады: Алматы қ., 050046, Абая даңғылы, 159, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясының кеңсесі.

Қатысушының сауалнамасын art.kazfuca@gmail.com электронды поштаға жіберу қажет.

Толық ақпаратты сайттан алуға болады: www.kazenergyforum.com.

Яндекс.Метрика