Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Көшіру – қою» – білім беру сапасына келетін нақты қауіп

Академияда плагиаттың алдын алудың жаңа әдістері талқылаудан өткен семинар болды. 

Желілік технологиялардың дамуына қарай, студенттер ақпарат көздерін өз бетінше, толыққанды талдап және жеке ізденістерін мысал ретінде келтіре отырып, курстық немесе дипломдық жұмыстарды сирек жазады. Мұның мәнісі мынада: егер бұрын бүкіл ақпаратты тек басылған кітаптар мен кезеңдік басылымдардан алуға болатын еді, ал қазір желілік кітапханалар алғашқы дерек көздерінің, сондай-ақ дайын жұмыстардың көптеген түрлерін ұсынады. 

Студенттік жұмыстардың бірегейлігін қайта қалпына келтіру мақсатында оқытушылар Антиплагиатты белсенді түрде қолдана бастады. 

Академия студенттері мен оқытушыларына плагиатпен күрес жүргізетін жаңа жоба жөнінде Юлия Кальчун айтып берді. Ол Қазақстанда өзінің ресми өкілдігі ашқан алғашқы және жалғыз Plagiat.pl. антиплагиат компаниясының өкілі. Тұрақты негізде бүкіл әлем бойынша 350-ден аса университеттер мен баспалар қолданатын құқық қорғаудың тиімді жүйесі – Strikeplagiarism.com. Бұл іздеу алгоритміне қазақ әліпбиін енгізген және қазақ тілінде интерфейсі бар жалғыз  әрі бірінші антиплагиат жүйесі. 

Юлия Кальчун плагиаттың алдын алу үшін барлық жұмыстарды іріктеп емес толықтай тексеру қажет екенін атап өтті. Студенттік және ғылыми жазбаша жұмыстардың барлық типтерін плагиатқа тексеру қажет, себебі ғалым мен маманды тәрбиелеу ғылым кандидатының диссертациясынан емес курстық жұмыстан басталады. 

Антиплагиат саласындағы мамандар жұмысты тек бір форматта ғана қабылдауды ұсынады – дұрысы DOC форматында, себебі PDF форматында мәтін бөлігін суретпен ауыстырып қоюға болады. 

  • Басқа дереккөзден алынған, ғылыми жұмыс мәтінде өзгеріссіз немесе аудармада берілетін бір сөйлемнен асатын көлемдегі мәтіндік фрагментке дереккөзі көрсетілген сілтеме болуы тиіс.
  • Егер мәтіннің өзгертіліп берілуі бір абзацтан асатын болса, онда тиісті мәтінге немесе оның авторына сілтеме ғылыми жұмыстың әрбір абзацында болуы тиіс. 
  •  
  • Ғылыми жұмыста нормативтік-құқықтық актінің мәтіні пайдаланылғанда оның атауын, соңғы өзгеріс енгізілген немесе жаңа редакция жасалған күнін көрсету жеткілікті.
  • Егер авторлар/ орындаушылар белгісіз болса, онда олардың белгісіз екенін көрсеткен жөн. Авторды, атауын, орындаушыларды сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, міндетті түрде дереккөзді көрсету қажет.
  •   

Сонымен қатар, семинарда кейбір антиплагиат жүйелерін пайдалану қауіптері жөнінде айтылды. Диссертациялар диірмені (Paper Mill) – деректер базасына жазылған жұмысты тегін жүктейді, оны кейін жинақтайды және «мамандар» жазған түпнұсқалық жұмыстар түрінде қайта сатады! 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдан бастап жоғары оқу орындарын барлық академиялық жұмыстарды плагиатқа тексеруге міндеттейтін құқықтық құжаттар жинағын қабылдағанын атап өткен жөн. Университеттердің ішкі процедуралары оқытушылар мен студенттердің плагиат үшін жауапкершілік дәрежесін реттеуі тиіс. Академиялық адалдық кодексін және студенттік, ғылыми жұмыстарды тексеру мен бағалау процедураларын енгізу жоғары оқу орындарының басшылығы үшін қауіптерді төмендететіні белгілі. 

Яндекс.Метрика