Пекиндегі Азия өркениеттері (CDAC) туралы диалог бойынша конференция
Концертмейстер шеберлік және музыкалық пәндер секциясының аға оқытушысы Тасқын Жармұхамет Пекиндегі Азия өркениеттері (CDAC) туралы диалог бойынша конференцияға қатысты.
Іс-шараға 47 Азия және басқа да шақырылған елдердің өкілдері, олардың ішінде әлемнің 1500-ден астам сарапшылары қатысты. Конференция ортақ болашақ үшін Азия қауымдастығын құру мақсатында өткізілді. Сондай-ақ конференция аясында Азиялық мәдени карнавал, азиялық өркениет апталығы және азиялық ас үй фестивалі сияқты іс-шаралар өтті.
Конференцияға табысты қатысып, алдағы уақытта жетістікке жетуге тілектеспіз.