Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша call-центр номері +7 (7172) 798-570
Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша электронды почта адресі Support@balletacademy.kz
Білім алушыларға, ата-аналарға және оқытушыларға психологиялық қолдау көрсету орталығы телефон номері +7 (7172) 790-848

МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2017 ж. 30 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында жазушы-драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Қазақстанның өнері мен мәдениеті: өзекті мәселелер мен жаңа көзқарастар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл жаңадан есігін айқара ашқан Академиядағы бірінші ғылыми конференция. Мұхтар Әуезов – ұлттық мәдениет қазынасына үлкен үлес қосқан, қазақ әдебиетінің ең жарқын тұлғаларының бірі. Төменде көрнекті жазушы-драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығына арналған “Қазақстан өнері мен мәдениеті: өзекті мәселелер мен жаңа көзқарастар” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция баяндамаларының жинағын ұсынамыз.

Сборник Мухтар Ауезов

«АСТАНА ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«Астана хореографиялық өнер саласындағы мәдениетаралық коммуникация және халықаралық ынтымақтастық орталығы» атты бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциянын жинағы ұсынылады. Жинақта үздіксіз хореографиялық білім берудің теориялық-әдістемелік аспектілері мен тарихи тәжірибесі, хореографиялық өнердің өзекті мәселелері, сондай-ақ білім беру, ғылым және өнер саласындағы заманауи үрдістер туралы қатысушылардың баяндамалары мен ғылыми мақалалары ұсынылды.

СБОРНИК МНПК АСТАНА ЦЕНТР ХОРЕОГРАФИИ 19-20 октября 2018

«АБАЙ МҰРАСЫ – ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТ ҚАЗЫНАСЫ»: АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫ (21 ҚАРАША 2019 ЖЫЛ)

Жинақта Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы-әлемдік мәдениет қазынасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушыларының баяндамалары мен ғылыми мақалалары ұсынылған. Мақалаларда Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы, Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі орны, заманауи өнер: өнер бастауы, ерекшеліктері, даму перспективалары және білім беруді дамытудың өзекті мәселелері карастырылған. Жинақ өнер, білім, мәдениет саласындағы ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖИНАҚ АБАЙ 175

Яндекс.Метрика