Қабылдау комиссияларының байланыстары

Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімінде сүйемелдеу өнері саласында теориялық және практикалық дағдыларды игерген білікті концертмейстерлер жұмыс істейді. Концертмейстерлік қызметтің ерекшелігі әртүрлі кәсіби орындаушылық дағдыларын қоса атқару болып табылады. Хореографиялық сыныпта жұмыс істейтін концертмейстердің кәсіптік дағдылармен қатар хореографиядағы орындаушылық шеберліктің өзіндік ерекшеліктерін білуі, балет сыныбында сүйемелдей білуі, сондай-ақ жаттығуларда сүймелдей отырып, көптеген репертуарды меңгеруі, балет өнерінің терминологиясын (негізінен, француз тілінде) білуі қажет. 

Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімінің педагогикалық құрамында педагогикалық жұмыс өтілі үлкен, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары бар: Бикенова А.С., Бданова А.С., Нурпеисова А.Е., Нурпеисова Н.Г., Жакупова А.М.; Шибутова Ш.Б., Щербакова С.С., Каирберген И.Е.,  Мукашева А.Е., Кулмагамбетова М.А., Даулетжанова М.У., Рамазан М.С., Токабай А.Ч.,  Лауреаты – Тулегенова З.Э., Назарова З.Қ., Аушан А.Қ., Архаров Қ.Қ., Ахметбекова Д.М., Мукушева А.М., Оспанова К.М., Мирамгали М.Е.

Бөлімнің көптеген концертмейстерлерінде магистр академиялық дәрежесі бар: Аминова Г.Б., Абылханова Ж.М., Есиркепова Ш.Т., Жакупова А.М., Мамынова А.М., Мамынова Р.М., Мулдагалиева Д.Ж., Тулегенова З.Э., Байбосын А.Қ.

Яндекс.Метрика