Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 231-240 of 982 results

Үндістанның скрипка патшасы Хореография академиясына келді

Қараша 11, 2022

2022 жылдың 11 қарашасында Қазақ ұлттық хореография академиясына атақты скрипкашы және композитор доктор Субраманиам Лакшминараяна келді. Өз отанында ол үнді скрипка патшасы ретінде танымал. Оның сапарының мақсаты – академияның қызметімен, академияда студенттерге арналған сахналық өнердің әртүрлі бағыттары бойынша жүргізілетін оқытумен …

Академия педагогтары актерлік өнер және режиссура мәселелері бойынша ашық сабақ өткізді

Қараша 10, 2022

2022 жылдың 10 қарашасында өнер факультетінің оқытушылары Гүлнара Саитова мен Болат Әбдірахманов өнертану мамандығының 1 курс студенттерімен «Актерлік өнер және режиссура мәселелері» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – студенттерге практикалық білім беру, сонымен қатар өнертанудағы теориялық талдау …

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы

Қараша 10, 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті студенттер! Сіздерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысуға шақырамыз. 2022 жылғы 7 қарашадан 28 желтоқсан аралығында студенттердің, ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) республикалық, конкурсының бірінші (ішкі) кезеңі басталады. СҒЗЖ байқауының негізгі мақсаттары мен міндеттері: …

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге арналған конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңінің нәтижелері туралы

Қараша 10, 2022

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес (09.11.2022 ж.хаттама), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге арналған конкурстың ЖОО ішіндегі І кезеңінің жеңімпазы – философия докторы (PhD), өнер факультетінің деканы Досжан Райхан Қазбекқызы болып танылды. Жеңімпаздың конкурстық материалдары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» …

Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Астанада аймақтық өкілдігі ашылды

Қараша 10, 2022

Профессор Бибігүл Нүсіпжанова Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Астанадағы аймақтық өкілдігінің үйлестірушісі болып сайланды. 2022 жылғы 10 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында Астана қаласындағы ЮНЕСКО клубтары басшыларының жалпы жиналысы өтті. Кездесу Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Серқан Аязбаевтың төрағалық …

Құрметті оқытушылар, докторанттар!

Қараша 9, 2022

2022 жылғы 3 қарашадағы №195-Н/Қ бұйрықпен Қазақ ұлттық хореография академиясында 8D021 «Өнер» даярлау бағыты бойынша D031-Хореография, D034-Өнертану білім беру бағдарламалары тобы бойынша философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Диссертациялық кеңес ашылды. Барлық қажетті ақпарат Академияның сайтында орналастырылған …

Академияда ағылшын тілін үйрену бойынша шеберлік сыныбы өтті

Қараша 9, 2022

9 қараша күні Хореография академиясының конференц-залында Aligazy_English оқу орталығының оқытушыларынан ағылшын тілін үйрену бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны Академияның халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі студенттер мен оқу орнының қызметкерлері үшін ұйымдастырды. Іс-шараның спикерлері кәсіби синхронды аудармашы Әлиғазы Айдарханов пен …

Академия жантанушылары «Біз – бір отбасымыз!» тренингін өткізді

Қараша 7, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Біз бір отбасымыз!» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – жаңа оқушыларды табысты бейімдеу, олардың өзара сыйластығын қалыптастыру, сондай-ақ интернатта тұратын Академия тәрбиеленушілерін біріктіру. Тренинг оқушылардың бірлесіп әрекет ету және ағымдағы мәселелерді бірге шешу қабілетін қалыптастыруға …

Хореография факультеті Степногорск қаласында концерт береді

Қараша 7, 2022

Сейсенбі, 8 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Самғау» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді. Концерт Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет сарайының сахнасында өтеді. Концерттің басталуы сағат 17.00-де.

«Самғау» – Хореография академиясының студенттері Қарағандыда концерт қойды

Қараша 3, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Самғау» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті. Концерт Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауын қолдау мақсатында Академияның хореография және өнер факультеттерінің ұйымдастыруымен өтті.  Қарағандылық көрермендердің назарына классикалық мұраның балет спектакльдерінен …

Яндекс.Метрика