Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 171-180 of 985 results

Қош келдің-Әз Наурыз!

Наурыз 17, 2023

17 наурыз күні Академияның 1-3 курс студенттері Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің-Әз Наурыз!» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету мақсатында студенттер аталмыш мейрам туралы түсінік беріп, …

Шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған топтық сабақ

Наурыз 16, 2023
2023 жылдың 10 наурызында Академияның педагог-психологы М.Б. Ибрагим ЖОО студенттерімен шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған топтық сабақ өткізді. Сабақта студенттер «Өз әлемін құру» жаттығуын орындады. Бұл жаттығу топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, алға қойған мақсаттар мен болашаққа деген жоспарларға шығармашылық тұрғыдан …

Көрісу күні

Наурыз 15, 2023

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында 2023 жылғы 14 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясында «Арт-менеджмент» және «Өнертану» мамандықтары студенттерінің қатысуымен өнер факультеті, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі, сондай-ақ Жастар істері жөніндегі комитет ұйымдастырған «Көрісу күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Ойын-сауық іс-шарасы театрландырылған …

Тұлғалық даму тренингі

Наурыз 15, 2023

Хореография академиясының жоғары сынып оқушыларына арналған тұлғалық даму тренингі өткізілді. Тренинг барысында оқушылар “Бақыт деген не?” тақырыбында пікір алмасты. Тренингтің практикалық бөлігінде қатысушылар рефлексивті жаттығуды орындады және психологтың бірқатар нақты ұсыныстарымен танысты.

Академияда мерекелік концерт өтті

Наурыз 9, 2023

7 наурызда Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі әкімшілік-шаруашылық бөлімімен және Жастар істері жөніндегі комитетпен бірлесіп ұйымдастырды. Концертке Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындау үшін …

«Өнертану және арт-менеджмент» кафедрасының кеңейтілген отырысы

Наурыз 6, 2023

2023 жылғы 13 наурызда сағат 14.00-де «Өнертану және арт-менеджмент» кафедрасының кеңейтілген отырысында 8D02107 «Өнертану» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесін алу үшін Дилара Ержанқызы Шомаеваның «Қазақстанның балетмейстерлік өнерінің гендерлік дискурсы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала талқыланады. Кафедраның кеңейтілген отырысы …

Академияда «Құрманғазы күйлері – қазақ сахналық биінің негіздері» атты дәріс-концерт өтті

Ақпан 27, 2023

24 ақпанда Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі профессор Тойған Ізімнің «Құрманғазы күйлері – қазақ сахналық биінің негіздері» тақырыбындағы дәріс-концерт өтті. Іс-шараны оқу орнының хореография факультеті академия студенттері –бакалавриат студенттері, магистранттар және докторанттар үшін ұйымдастырды. …

Алматы қаласында Қазақ ұлттық хореография академиясының гастролі өтеді

Ақпан 23, 2023

2023 жылы наурыздың 4 күні ALMATY THEATRE сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының гала-концерті өтетін болады. Академия білім алушылары көрермендердің назарына М. Петипа, А. Ваганова, В. Вайнонен секілді атақты балетмейстерлердің классикалық мұрасына жататын балет спектаклдерінен үзінділер мен қазіргі хореографтардың қойылымдарын ұсынады. В …

Академия студенті Бақтияр Адамжан Кипрде Celebrity Ballet Gala-да өнер көрсетті

Ақпан 21, 2023

Қазақстан балетінің жұлдызы, Астана Опера балет труппасының жетекші солисі, Академия студенті Бақтияр Адамжан Кипрде CELEBRITY BALLET GALA гала-балетінде өнер көрсетті. Гала-балетке Ағылшын ұлттық театры, «Астана Опера» театры, Үлкен театр, Нидерланды ұлттық балеті, Берлин мемлекеттік балеті және тағы басқалары сияқты әлемнің …

Бхаратанатьям – академияда үнді биінен мастер-класс өтті

Ақпан 21, 2023

Ақпанның 20 күні Хореография академиясында Бхаратанатьям үнді элиталық классикалық биі бойынша Ақмарал Қайназарованың шеберлік сыныбы өтті. Ақмарал Қайназарова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер магистрі, «Этникалық би» номинациясында 2003 жылғы әлем чемпионы (Голливуд, АҚШ). Шеберлік сыныбы барысында Ақмарал Қайназарова академия …

Яндекс.Метрика