Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Эмоционалды оңуының синдромы» тақырыбындағы педагогтарға арналған семинары

Қазіргі заман мамандықтарына тән болатын күйзелудің ұзақ әрекетінен, адамның психикалық, дене және эмоционалды ресурстарының таусылуы пайда болады.
Эмоционалды оңу синдромының алдын алу барысында кәсіптік білім алу мектеп-колледжінің педагогтарына арналған «Эмоционалды оңуының синдромы» тақырыбындағы семинардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоспарланды.

21.06.2019ж. эмоционалды оңу синдромының алдын алу барысында семинар жалпы білім беретін пәндер оқытушылары үшін өткізілді, және 26.06.2019ж. аталмыш семинар арнайы пәндер оқытушылары үшін де өткізілген болатын.

Семинарда, «оңайдан қиынға» қағидасы бойынша синдромның жалпы түсінігі, аталмыш синдромды тудыратын себептер мен жағдайлар қарастырылды, негізгі белгілері мен нышандары, сонымен қатар даму кезеңдері сипатталды. Семинардың өткізілуі кәсіптік білім алу мектеп-колледжінің педагогтарын эмоционалды оңу синдромының алдын алуды үйретуге мақсатталған.

Өткізілген семинар-практикум пеадгогтарға эмоционалды оңу синдромының алдын алу жолдарын меңгеруге, өзінің кәсіптік қызметінде жаңа бағыттарды көруге, күнделікті жоспарлауға, синдромның бастапқы белгілерін анықтауға және өзіне-өзі немесе әріптесіне уақытында көмек көрсетуге үйретті.

Яндекс.Метрика