Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академиядағы BookСrossing

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Хореография академиясының кітапханасында Bookcrossing акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – оқушылар мен студенттердің назарын кітапқа аудару, заманауи тәсілдердің көмегімен оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Bookcrossing дегеніміз не? Bookcrossing – бүкіл әлемдегі кітаптар айналымы. Академия қабырғасында Буккроссинг акциясын өткізу мақсатында  кітапханада арнайы кітап сөрелері орнатылды. Кез келген адам өзіне ұнаған кітапты біраз уақытқа оқуға ала алады, жеке кітабын сөреге қойып, кітабын басқа кітапқа ауыстыра алады. Оқырмандар әкелген кітаптарға  арнайы белгілер жабыстырылады, содан кейін кітаптар сөрелерге қойылады. «Буккроссинг» оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие, кітап сөрелері әр түрлі кітаптармен үнемі толықтырылып отырады.

Егер жеке кітаптарыңызбен басқа оқырмандармен бөліскіңіз келсе, кітаптарыңызды кітапханаға әкелуге болады. Кітаптар оқылуы керек,  кітап сөрелерде шаң басып тұрмауы керек!

Яндекс.Метрика