Қабылдау комиссияларының байланыстары

Болат Ғазизұлы Аюхановты туған күнімен құттықтау

Құрметті Болат Ғазизұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жоғары қызметтегі кәсіби біліктілігіңіз, еңбекқорлығыңыз және жаңа идеяларға ашықтығыңыз көптеген адамдарға үлгі болып табылады.
Сіздің бойыңызда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесімділікпен кездеседі. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбегіңіз елімізде мәдениет пен балет өнері саласының дамуы мен нығаюына өзіндік үлесін қосып келеді. Осынау игілікті істе көздеген шыңдарды бағындырып, алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспіз!
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз.

Еңбекте толағай табыстарға жетіп, абырой-беделіңіз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Ізгі ниетпен, Қазақ ұлттық хореография академиясы.

Яндекс.Метрика