Қабылдау комиссияларының байланыстары

Біз өзімізді өзгертуге, шындықты құру мен жаңғыртуға деген ұмтылыста біргеміз

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған IV жоғары оқу орны ішіндегі ғылыми апталық аясында өткізілген «Өзін-өзі оқшаулау – дағдарыс жағдайында құндылықтарды қайта бағалау» тақырыбындағы онлайн вебинар Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған карантин кезеңіне бір ай өткеннен кейін болып отыр. Іс-шараны ұйымдастырушылардың міндеті – әріптестердің, магистранттар мен докторанттардың басын қосып, осы уақыт ішінде айқындалған рухани-философиялық, әлеуметтік экономикалық, ғылыми-білім беру, отбасы-тұрмыстық сипаттағы мәселелер жөнінде бірге ой қозғап, қандай ішкі жұмысқа үйренгенімізді ортаға салу. 

Замандастар сұхбаты психологиялық қобалжу және келеңсіздікпен байланысты өмір жағдайынан біраз алыстап, кез келген дағдарыс уақыты жеке құндылықтар жүйесін қайта қарап, өзіңді және дағды бойынша қалыптасқан әлемге деген қарым-қатынасыңды өзгерту үшін жақсы мүмкіндік екендігі туралы ой салды.      

Адамзат күнделікті қарбалас өмірдегі «жүгірісте» еріксіз тоқтап, өз өмірін қайта ретке келтіруге тамаша мүмкіндік алды. Бұл үшін: мен кіммін?, мен осы уақыт ішінде не жасадым/ойлап шығардым/өсірдім/ тәрбиеледім/салдым? менің отбасым, достарым маған қызық па? деген сұрақтарға шынайы жауап беру керек.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар қашықтықтағы қарым-қатынасты қалай сенімді қарым-қатынасқа айналдыру, жаңа қалыптасқан жағдайда «өсу нүктесін» анықтап, өзіңнің ішкі ресурсыңды қайта қарау, жеке әлеміңді қайта күйге келтіріп, жақындарыңмен қарым-қатынастағы үйлесім мен татулық сияқты көптеген мәселелер бойынша сөз қозғап, өз ойларымен бөлісті.   

Яндекс.Метрика