Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» тренингі

2020 жылғы 21 мамырда Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психолог-оқытушысы Ибрагим Марал Болатханқызы «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» тақырыбында Кәсіптік білім беру колледжінің студенттерімен онлайн режимде тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру болды. Тренингтің міндеттеріне: осы мәселе бойынша хабардарлықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерге теріс көзқарасты қалыптастыру, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға дағдылану және сыртқы жағымсыз қысымдарға жоғары тұрақтылықты қалыптастыру кірді.

Жаман әдеттер – бұл адамның жағымды сезімді тудыратын белгілі бір әрекеттерді жасау арқылы денсаулығына саналы түрде зиян тигізетін өмір салтын сипаттайтын термин. Көбінесе, жеке тұлға мұндай тәуелділіктерге көп мән бермейді, оларды өз болмысының көрінісі деп санайды.

Адамға берілген мүмкіндіктерді жүзеге асыру оның өмір сүру салтына, мінез-құлқына, қалыптасқан әдеттеріне, бойындағы әлеуетті мүмкіндіктерді өзінің, отбасының және өмір сүріп отырған мемлекетттің игілігіне саналы жұмсау қабілетіне байланысты. Дені сау және рухани дамыған адам бақытты – ол өзін жақсы сезінеді, өмірден қанағат алады, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады, рухтың өшпес жастығы мен ішкі сұлулығына қол жеткізеді. Бұл тренинг студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға деген құштарлықтарын қалыптастыруға, тәуелділіктердің әр түрлі формаларынан сақтандыруға арналды.

Тренинг барысында студенттер адам өміріне зиянды әдеттер туралы, олардың қаншалықты қауіпті екендігі және зиянды әдеттерден тәуелділікке қалай түсіп қалуға болатыны туралы білді. Студенттерге салауатты өмір салтын ұстану шаралары ұсынылды.

 

Яндекс.Метрика