Қабылдау комиссияларының байланыстары

Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылатын оқытудың инновациялық технологиялары

2019-2020 оқу жылына арналған «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ-ты дамытудың операциялық жоспары аясында Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастырумен  2020 жылғы 22 қаңтарда «Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылатын  оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Әдістемелік семинардың мақсаты:  білім беру қызметін ұйымдастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру.

Әдістемелік семинарда Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Есенбекова  «Оқу процесіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу арқылы жоғары білім берудің сандық буынға бейімделуі» тақырыбында, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ж. Кожантаева «Білім беру процесінде кейс-study-ды қолдану» тақырыбында баяндама жасап,  жаңа әрі озық әдістерді қолданудың тиімділігіне тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика