БиблиоКеш – 2019

28 қазан күні Халықаралық мектеп кітапханаларының күніне орай Академия кітапханасында «БиблиоКеш – 2019» шарасы өтті.

БиблиоКеш – бұл кешкілік уақытта кітапханада балалардың кітап оқуға деген ынталарын күшейту мақсатында өткізілетін іс-шара.

Қызықты шараға Академияның 4-8 сынып оқушылары қатысты. Бұл күні кітапханада бірқатар тақырыпта түрлі байқаулар мен ойындар ұйымдастырылды. Олардың қатарында – «Әдеби джем», «Кaraoke баттл», «Performance and Tales Room» болды.

Аталмыш шараға «Full House» ағылшын тілі клубының мүшелері ерекше белсенділіктерін танытты. Сондай-ақ, оқушылар Хэллоуин мерекесін де атап өтті. Қазаққа жат мереке шет ел тілін мәдениеті негізінде үйренуді мақсат тұтқан болатын. Ал арнайы аквагрим маманы балалардың беттерін түрлі-түсті бояулармен әрлеп, оқушылар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енді.    

Әдеби джем алаңына оқушылар үш тілде жұмбақтар мен көркем шығармаларға байланысты жасалынған викторина сұрақтарына жауап берді.   Балалар интеллектуалды деңгейлерінің жоғарылығын көрсетті.

Караоке баттл алаңында топтар арасындағы ән байқауы ұйымдастырылды. Бұл алаңда оқушылар үштілде ән айтып өз өнерлерін көрсетті.

Performance and Tales Room алаңынада балалар топтасып ағылшын тілінде ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдады. Сондай-ақ, әртүрлі сувенирлер мен ойыншықтардан өз ертегілерін құрастырды.

BookFace конкурсында оқушылар кітап мұқабасындағы суретті толықтыру арқылы өз шығармашылықтарын көрсетті.

PazzleBook – кітап мұқабасынан дайындалған пазлдарды құрастырды.

Хэллоуин – халықаралық мерекесіне орай балалар әртүрлі ертегі образдарына енді;

Шара соңында оқушылар белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, кітапхананың «Үздік оқырман – 2019» дипломымен Бектемиров Мадлен марапатталды.

Бұл шара балаларға ұмытылмас кеш пен қуаныш сыйлады.

 

Яндекс.Метрика