Қабылдау комиссияларының байланыстары

Baltic Grand Prix-2018

2018 жылдың 14-16 желтоқсанында Рига қаласында “Baltic Grand Prix-2018” 37-турнирі өтті. “Baltic Grand Prix-2018” іс-шарасын SPEKTRS би орталығы Латвия спорттық би федерациясымен, Латвияның Білім және ғылым министрлігімен, LSFP және Рига думасының Білім, мәдениет және спорт деапартаментінің Спорт бөлімімен ынтымақтаса отырып   ұйымдастырады. 

Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші курс студенті Мусаифов Мадияр “Baltic Grand Prix-2018” (Adult BA Latin) турнирінде спорттық-бал билері бойынша екінші орынға ие болды. 

Балтық елдерінде орасан зор және беделді спорттық би фестивалі Жапония, Сингапур, Қытай, Малайзия, АҚШ, Канада және көптеген еуропалық елдерден келген 1500 асқан бишіні жинады.  Өткен жылдары фестиваль Латвиядан тыс жерларде танымал болды және әлемдегі ең ірі спорттық би конкурстарының бірі болып табылады. 

 

Яндекс.Метрика