Қабылдау комиссияларының байланыстары

Балерина және ұстаз Майра Қадырова

Қымбатты достар, студенттер, құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Астана Балет» театрының жаттықтырушы-ұстазы Майра Шафкатқызы Қадырованың шығармашылығына арналған онлайн-дәріске шақырамыз.

Оның Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасындағы жарқын сахналық қызметі, А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде атқарған көркемдік жетекшілігі және «Астана Балет» театрындағы үлкен жаттықтыру жұмысы және «Астана Опера» театрындағы педагогикалық қызметі туралы әңгімелеп береміз.

Дәрісті оқитындар: Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы хореография факультетінің аға оқытушысы, өнертану кандидаты — Дамир Уразымбетов;
Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография факультетінің аға оқытушысы, өнер магистрі — Анвара Садыкова.

Дәріс 18 сәуірде сағат 14:00-де ZOOM қосымшасында өтеді.
Конференцияның идентификаторы: 311 273 289

 

Яндекс.Метрика