Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҚАЗАҚТАРДЫҢ XVIII – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

Құрметті әріптестер!

2020 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында «ҚАЗАҚТАРДЫҢ XVIII – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқылауға ұсынылады:

  • Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтарды зерттегенде әдіснамалық тәсілдердің ерекшеліктері;
  • Қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтардың классификациясы
  • Әлеуметтік, тарихи, экономикалық, саяси факторлардың субэтникалық топтардың қалыптасуындағы орны;
  • Субэтникалық, этнографиялық және басқа топтардың ерекшеліктері;
  • Ресей империясы халықтарының құрамындағы субэтникалық топтардың тарихи-құқықтық мәртебесі.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Яндекс.Метрика