Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Хореография» мамандығы студенттерінің арасында өткен олимпиаданың қорытындысы

2020 жылы 12 наурызда «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ базасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының 5В040900 «Хореография» мамандығының студенттері арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Коронавирусты инфекциядан қорғау бойынша алдын алу шараларын сақтау мақсатында «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ басшылығы іс-шараны қашықтықтан форматта 2 турда өткізу туралы шешім қабылдады. І тур-жоғары оқу орнының бейнепрезентациясы. ІІ тур-Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналған ғылыми-шығармашылық жобаның бейнепрезентациясы.

Олимпиадаға 5 ЖОО қатысты: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы.

Қазақ ұлттық хореография академиясының «Academy Stars» командасы (студенттер: Раимбекова Адина Максатовна, Тоқтар Айбар Мұратұлы, Разумова Екатерина Александровна, Әкімәлі Арайлым Фазылханқызы. Команда жетекшілері-Алдамжарова Динара Рамазановна, Ізім Тойған Оспанқызы) жеңімпаз атанды. ІІ орынды Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «KazNAI Ballet» командасы иеленді (студенттер: Тоғжан Молдали, Диана Байет, Әсел Кенжебаева, Алима Мұхаметжан. Команда жетекшілері-Айтолқын Несіпбекқызы Тургинбаева, Дамир Дүйсенұлы Уразымбетов). М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Нұрлы жастар» командасы (студенттер: Кенже Сабина Байжанқызы, Құлумбетова Меруерт Өмірбекқызы, Күзембай Айару Серікбайқызы, Жансейт Альбина Асқарқызы. Команда жетекшілері-Тлеубаева Балжан Сейдрамановна). ІІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дара» командасы (Жанысбек Айтолқын, Жумабекова Айдана, Кенжегалиева Томирис, Мәженова Айдана, Команда жетекшілері-Құлсеитова Альпеш Мухамеджановна, Құмаржанов Алмат Мүшелбайұлы) және Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Томирис» (студенттер: Баймаханова Айнұр Ерболқызы, Зиябек Мөлдір Мұратбекқызы, Дума Татьяна Владимировна, Рудакова Ксения Валерьевна. Команда жетекшілері-Есхожаева Акнур Абдырызаховна, Караматуллаева Хадия Ергашовна) иеленді.

Біз барлық командаларға олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс айтамыз және жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!

Яндекс.Метрика