Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – Ұлт мәдениетінің ұлы жанашыры

Аса қадірлі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы!

6 шілде күні Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалап іргесін бекіткен дана саясаткер – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күнің Ел болып атап өткелі отырмыз.

Тұңғыш Президент Егемен Қазақстанның тарихындағы маңызы зор кезеңде халықты басқарып, 30 жылда жүргізген сарабдал саясатының арқасында Қазақстанның әлем сахнасындағы бет-беделі қалыптасты, мемлекетіміз саяси, экономикалық және әлеуметтік дәрежесі жоғары елдердің деңгейіне жетті.

Елбасы ұлттық сананың, рухани құндылықтардың дамуына да қомақты үлес қосты деп білеміз. Әсіресе, еліміздің мәдениетін асқақтатудағы рөлін атасақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлт руханиятының ұлы жанашыры атағына лайық екені сөзсіз. Елбасы ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге танытуымен құнды болған үлкен мәдени ошақтардың ашылуына мұрындық болды. Соның бірегейі Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы мен қолдауы арқылы салынған Қазақ ұлттық хореография академиясы. Жаңа хореография мектебі әлемдік классикалық балет мұрасымен қатар қазақ халық биін дамытумен айналысып ұланғайыр даламыздың түкпір түкпіріндегі ұл-қыздардың бағын ашуда.

Тәуелсіз Қазақстанымыз аз уақыттың ішінде бағындырған белестер мен жетістіктер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екені баршаға аян. Тұңғыш Президентімізге зор денсаулык тілей отырып, алдағы уақытта да мәртебеңіз биік, мерейіңіз үстем болсын дегіміз келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәңгілікке Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігі жолында халқымызды ақылмен басқарған дана көшбасшысы болып қала бермек!

 

Құрметпен,

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы

 

Яндекс.Метрика