Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай онлайн ойын өтті

1 Мамыр бірлік күніне орай Қазақ ұлттық хореография Академиясының студенттері мен оқытушылары арасында онлайн ойын өтті. Ойын төрт түрлі сұрақтар ауқымын қамтыды: Әбу Насыр Әл-Фараби, Кино әлемі, Би өнері және Бірлік күні. Онлайнға ойынға белсене қатысқан студенттер А.Сұлтанбай мен Ж.Әлімқұлды атап өтуге болады. Ал, барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, жеңімпаз атанған арт мененджмент мамандығының екінші курс студенті Дана Нұрланқызы болды. Онлайн ойынға тек студенттер емес оқытушылар да қатысты. «Өнер» факультетінің оқытушысы, профессор Саитова Гүлнар Юсуповна да ойынның онлайн қатысушысы болып бағын сынап көрді.

Төтенше жағдайда студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған көңілді ойында оқытушылар мен студенттер бір-біріне сәлем жолдап, құттықтау тілегін жолдады.

Яндекс.Метрика