Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы елордалық ауруханалардың біріне көмек көрсетті

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы коронавирустық инфекциямен күреске тартылған медициналық мекемелер үшін дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтарды жинау жөніндегі қайырымдылық акциясына қосылды.

Акция аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасына өтеусіз негізде 6 автоматты қан қысымын өлшегіш, өкпенің сатурациясы мен тамыр соғуын анықтау үшін 6 пульсоксиметр, сондай-ақ қандағы қанттың деңгейін анықтау үшін 4 глюкометр (тест-жолақтары бар) берілді. Бұдан басқа, жақын арада реанимация бөлімшесінің науқастарына арналған мұрын-ауыз бетперделерін сатып алу жоспарлануда.

Біздің еліміз күрделі жағдайға тап болған және дәрігерлерге дер кезінде көмек көрсету үшін науқастарға дәрі-дәрмектер мен аппараттар жетіспеген кезеңде Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлері өз отандастарына қолдан келгенше көмек көрсетуге ниет білдірді.

Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық тілейміз және біздің елімізде коронавирус пандемиясына қарсы жан-жақты күресетін дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз. Біз бірге осы қиындықтарды еңсеріп, толыққанды өмірге ораламыз деп сенеміз!

 

Яндекс.Метрика