Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үндеуін қолдайды

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы   Нұрсұлтан Назарбаев «Бiрлесе бiлген ел бәрін жеңеді» атты Қазақстан халқына жүрекжарды үндеуiн жариялады.

Әлемде болып жатқан ахуал жайлы айтылған бұл үндеу халыққа рухани демеу болып,  ел ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін берері сөзсіз. Себебі, Елбасының көреген саясатының арқасында бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, Қазақстанымыз барлық салада зор табыстарға жетті.

Елбасы өзінің елмен бірге екенін айта келе: «Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі», – деп баса көрсетті.

«Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз», – деп өз сөзін түйіндеген Елбасына бiз де өз тарапымыздан  жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеуде «БIЗ БIРГЕМIЗ»  дегiмiз келеді.

Ізгі ниетпен, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы.

Яндекс.Метрика